Табиғаттың тосын мінезінен зардап шеккен Алматыда тіршілік қайта қалпына
келе бастады. Күні кеше толассыз жауған нөсер жауын мен ұйытқыған дауылдан Алматы
жұртшылығы абдырап қалған-ды. Жел екпіні қатты болғаны сонша, талай үйдің
шатырын ұшырып әкетті. Көшелер көлге айналып, көлік қозғалысы да
қиындады.
Дер кезінде көмекке жұмылдырылған 66 арнайы техника мен 400-ге жуық
жұмысшының арқасында шаһар тіршілігі бүгін қайта жанданды. Арықтардағы
арнасынан асқан судың нөпірі су сорғыш техниканың көмегімен тоқтатылды. Құлаған
12 ағаштың салдарынан үзілген электр желілері жалғанып, тұрғындарға жарық
беріле бастаған.
Айгүл ЕРМАХАН