Алматыда дағдарысқа қарсы старт-ап іске қосылды. Ақпараттық технология
көмегімен үйде отырып, ақша табуды қарастыратын жоба дүкеннен сатып алған тауар
құнының 1 пайызын қолма-қол қайтаруды қарастырады. Ол үшін кез келген азамат
www.habsystem.com сайтына тегін тіркеліп, жеке нөмір алады. Жобаны қолға
алған «Система сообществ» аталатын ұйыммен қазірдің өзінде танымал 100-ге тарта
компаниялар серіктестік орнатқан. Арасында тұрмыстық техника
дүкендері, жанармай бекеттері мен мейрамхана, химиялық тазарту орындары бар.
Егер
тұтынушы солардың бірінен зат сатып алса немесе қызметіне жүгінсе, карточканы
беріп, кодты айтады. Олар автоматты түрде төленген ақшаның сомасына қарамай, 1 пайызын қолма қол
қайтарады. Тұтынушы бұл жүйеге жақындары мен таныстарын тартса, оған берілетін
қаражат еселене түседі. Және ол қаржы есеп-шотқа түседі немесе қолма қол
қайтарылады. «Осылайша дағдарыс заманында қаржы үнемдеуге үйретеді», - дейді жоба авторлары. Интернет
қолданушылар мен ақпараттық технологияға қызығатын кез-келген адам үшін бұл өте
тиімді. Бастама авторлары мұның қаржылық пирамидаға қатысы жоқтығын ескертеді.
Әділжан Хабиев, жоба авторы:
Біз ұсынып отырған жүйе Қазақстанда әлі еш жерде қолға алынбады. Бұл
желілік маркетинг немесе қаржылық пирамида емес. Біз ақша жинамаймыз. Бір
нәрсені сатуға немесе сатып алуға үгіттемейміз. Бар болғаны бізге серіктес
компаниялардан алған затыңыздың пайызы қайтарылатынын ескертеміз. Біз оларға
осы жолмен жарнама жасаймыз. Ал сіз қаражатыңызды үнемдейсіз.
Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ