Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

2016 жылдан бастап санитарлық кітапшаларды бірыңғай ақпараттық жүйе арқылы беру қолға алынбақ

AstanaTV
04.06.2015ж. 20:00
966
2016 жылдан бастап санитарлық кітапшаларды бірыңғай ақпараттық жүйе арқылы беру қолға алынбақ

 2016 жылдан бастап санитарлық кітапшаларды бірыңғай ақпараттық жүйе арқылы беру қолға алынбақ. Тұтынушылар құқығын қорғау комитеті тиісті жұмыстарды атқарып жатыр. Бұл туралы аталмыш комитеттің өкілі Марал Рахымжанова мәлімдеді.

Азық-түлік қауіпсіздігіне арналған дөңгелек үстел барысында Астана қаласына сальмонеллез қауіп төндіріп отырғаны айтылды. Қауіпті бактерияны жұқтырғандар мен оларды тасымалдаушылар саны артқан. Тұтынушылар құқығын қорғау департаменті өкілінің хабарлауынша, 130-дан астам азық-түлік өнімдері тексерілген.Оның 31 пайызы санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен кедендік одақтың техникалық регламентіне сай келмеді. Қауіпті азық-түліктер тізімі тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің сайтында жарияланған. Қоғамдық тамақтану орындарында қызмет көрсететін жеті мыңдай аспаз бен даяшы медициналық тексеруден өтті. Нәтижесінде 9 адамнан сальмонелла табылды. Яғни вирус тасымалдаушылар да көбейген. Қысқасы, енді санитарлық кітапшалар бірыңғай ақпараттық жүйе арқылы берілмек.

Марал Рахымжанова, ҚР ҰЭМ тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің бас сарапшысы:

Бүгін қандай мекемелер беріп жатыр, солар береді. Олардың барлығы сол программаға енгізіледі. Беріп отырған, әр гигиеналық оқуды өткізіп жатқан мекемелер енгізіледі. Бір жерден болады. Сіз тіркелген емханада аласыз. Кәсіпкерге келген адам медициналық кітапшасын көрсетеді. Күмәнданбас үшін сіз сол порталдан ашып, реестерден көріп, ИИН арқылы тексере аласыз.

Дөңгелек үстелге қатысқан санитар мамандардың айтуынша, қоғамдық тамақтану орындары мен сауда орталықтарының қожайындары санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауға құлықсыз. Әсіресе олар азық-түлікті тексеріп алуға ниет танытпайтын көрінеді. Сол себепті халықаралық ХАСП стандарты енгізіліп жатыр. Мәселен, сөреге сүт өнімін қойған дүкен қожайыны сүт фермасы мен өнімді дайындайтын зауыттың санитарлық жағдайын өзі тексере алады. Егер кәсіпкер аталған ХАСП стандартын сауда орталығына енгізсе, санитар мамандар тексерісін доғарады.

Айгүл ӘДЕПБАЙ