Батыс Қазақстан облысындағы
Березовка ауылында денсаулығы нашарлап, ауруханаға түскен балалар дәрігерлерден жәбір көрген. Бұл туралы ҚПО
компаниясының өкілдері өткізген қоғамдық тыңдауға келген ата-аналар айтты.
Әлия Мұқанғалиева, Березовка
ауылының тұрғыны:
Сол профессор сіздің қыздарыңыз
өтірік істейді, сіздер көшуді, переселение хотите, поэтому, деп сабады біздің
көзімізше. Мына жерінен бүйтіп ұрғанда мына жеріне тырнақтың ізі кіріп кетті.
Сен қыз өтірік істеп жатсың, деп сабады. Сосын сүйреп, психболнеске алып
кетеміз деді. Біздер минздравқа
звондадық областной, содан кейін олар оларға звондап, әйтеуір қалдырды.
Қарашығанақ кенішін игеруші
компания өкілдері өңірдегі экологиялық жағдайды жақсарту үшін кешенді жұмыстар
жүргізілетінін баяндаған. Бұл іске 1,8 миллиард теңге бөлінді. Алайда, қоғамдық
тыңдауға қатысқан жергілікті тұрғындарды басқа мәселе толғандырады. Олар
белгісіз сырқатқа ұшыраған балалары емделсе, ауыл қауіпсіз жерге көшірілсе, дейді.
Дегенмен, екі мәселе де аяқсыз қалды. Айта кетейік, мамыр айында Үкімет
басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаев, Қарашығанақ кенішінің жаңа санитарлық
қорғаныс аумағын жасақтау қажеттігін айтып, облыс әкіміне тапсырма берген. Бұл
істің нақты қашан шешілері әзірге белгісіз.
Еркін КАРИН