$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Тараздағы «өрмекші баланы» тәртіп сақшылары іздеп жатыр

AstanaTV
05.06.2015ж. 10:00
2123
Тараздағы «өрмекші баланы» тәртіп сақшылары іздеп жатыр

Таразда адам өмірі үшін аса қауіпті биіктікке шыққан баланы тәртіп сақшылары іздеп жатыр. Мына әуесқой түсірілім Тараздағы, «Тәуке хан» мен «Бауыржан Момышұлы» көшелерінің қиылысындағы бағдаршам жанында түсірілген. Биіктігі 5 метрге жуық темір бағана бойында, жеткіншектің не үшін жүргенін ешкім білмейді. Суретке түсу үшін шыққан болуы мүмкін деген болжам бар. Бағдаршамнан бастап, қоғамдық бейнебақылау, электр сым тетіктері және түрлі жол белгілер орналасқан темір арканың бойымен аса сақтықпен өрмелеп жүр. Интернет қолданушылары күре жолдың бойындағы биік аркаға жүрген жеткіншекті, «өрмекші бала» деп атапты. Бұл жерде жоғарыға шығатын не саты, тіпті аяқ қоятын қандайда бір жабдығы жоқ бағанаға баланың қалай шыққаны түсініксіз. Қазір тараздық тәртіп сақшылары жеткіншекті іздеу үстінде. Ал, табылған жағдайда тәртіпсіздігі үшін жазалану мүмкін.

Гүлсара Мұхтарқұлова, Жамбыл облысы ІІД баспасөз хатшысы:

Инстаграмм желісінде жүктелген белгісіз тұлғаның жол үстіндегі темірге шығып алған көрінісі бойынша полиция қызметкерлерімен деректі анықтау жұмыстары жүргізілуде. Белгісіз тұлға анықталған жағдайда, осындай ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 434 бабы, 1-бөлімі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Ол 10 айлық есеп көрсеткіші көлемінде айыппұлға немесе он тәулікке әкімшілік қамаққа алынады. Айыппұл 19 мың 820 теңге.

Данияр ӘЛІМҚҰЛОВ