Ресейлік Лукойл Қытайдың
Sinopec компаниясының Қазақстандағы активтеріне 10 пайыздық жеңілдік жасауға
дайын. Бұл туралы Рейтерс өзінің дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстан жерінде көмірсутек өндірісі бойынша 4 бірдей жобада үлесі бар. Caspian
Investment компаниясының қалған 50 пайызын сату туралы келісім 2014 жылдың
сәуірінде жасалған-ды. Компанияның 100 пайыз пакеті қытайлық Sinopec-ке
болжаммен 1 млрд 200 млн долларға түскелі отыр. Алайда алдын-ала келісім мұнай
бағасы барреліне 100 доллардан жоғары болған кезде жасалған. Сондықтан,
Рейтерстің Лукойл компаниясындағы дереккөзі, Қазақстандағы актив құнының 1 млрд
доллардан сәл ғана асатынын айтады. Сол себепті Лукойл 10 пайыздық жеңілдікке
барса керек.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ