$488.45 €529.19 ₽5.04
×

ҰБТ-ң алтыншы күні 125 балл жинаған түлектердің саны 5-ке жетті

AstanaTV
08.06.2015ж. 13:00
1297
 ҰБТ-ң алтыншы күні 125 балл жинаған түлектердің саны 5-ке жетті

Ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы алты күнінің қорытындысы жарияланды. Ол бойынша ең жоғарғы көрсеткішке жетіп, 125 балл жинаған қазақстандық түлектердің саны 5-еуге жеткен. Республика бойынша білім сынағы 165 бекетте өткізілді. Білім және ғылым министрлігінің ақпарына сай, тестілеудегі орташа көрсеткіш 79,5 баллды құраған. 50 балдық шекті деңгейден 65 947 түлек өтті. Бұл сынақ тапсырушылардың 81,4 пайызы. Ал 14 133 түлек 100 балдан жоғары нәтижені көрсеткен. Айта кетейік, бүгінге дейін республика бойынша барлығы 80 980 мектеп бітіруші сынақ тапсырды. Жалпы, ҰБТ-ге қатысуға 85 856 талапкер өтініш берген. Сынақ нәтижесі Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізу пункттеріндегі тақтайшаларға ілінеді. Сондай ақ «testcenter.kz» Ұлттық тестілеу орталығының сайтына да жарияланды.

Жұрағат БАМАН