$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Астанадағы Ұлттық кітапханада ақын-жазушы Жарасбай Нұрқановты еске алу кеші өтті

AstanaTV
08.06.2015ж. 13:00
2260
Астанадағы Ұлттық кітапханада ақын-жазушы Жарасбай Нұрқановты еске алу кеші өтті

Елордадағы ұлттық кітапханада ақын-жазушы Жарасбай Нұрқановты еске алу кеші өтті. Жиынға келген зиялы қауым өкілдері мен жас сарбаздар, Астанадағы мектептер мен колледж оқушылары «1937 жыл. Ерте солған гүлдер» бейнебаянын тамашалады. Бұл өлеңді белгілі қаламгер саяси қуғын-сүргін құрбандарына арнап жазған. Кейінірек, өлеңнің сөзіне сазгер Ерсайын Нарымбаев ән жазды. Қазір бұл туынды «АЛЖИР» мемориалды мұражай-кешенінде орындалады. Осы өлеңнің 4-5 шумағында ел басына түскен қаһарлы күндерде замана соққысына тап болған алаш азаматтарының жан күйзелісі мен қайғы-қасіреті шеберлікпен қамтылған. Бұл өлең, ақынның басқа да көптеген шығармалары сияқты жастарға патриоттық тәрбие беруге зор ықпалын тигізеді,-  деп сенеді журналистика ардагері, қоғам айраткері Қазина Нұрқанова.

Қазина Нұрқанова, ардагер-журналист, қоғам қайраткері:

Ақынның сөзі деген халқына жету керек қой. Жәкең сол ақын ретінде өзінің азаматтық парызы санап, «Ерте солған гүлдер» деген шығарма - өлең жазған, азалы жыр. Өткенсіз алдағы өмірге болжау жасау қиын, сондықтан да әрбір адам, әрбір жас қазақстандықтар елімізде болған тарихи оқиғаларды біле жүріп, соның негізінде еліне, жеріне деген патриоттық тәрбиесі болып, солай тәрбиеленсе, соған назар аударылса, еліміз одар әрі көркейе түсер еді.

Айгүл ЕРМАХАН