Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қызылорда облысының 142 елді мекенінде қоқыс төгетін арнайы полигондар жоқ

AstanaTV
08.06.2015ж. 13:00
1107
Қызылорда облысының 142 елді мекенінде қоқыс төгетін арнайы полигондар жоқ

Қызылорда облысы қоқыстан көз ашар емес. Өңірдегі 145 елді мекеннің тек үшеуінде ғана арнайы қоқыс алаңы бар. Тұрғындар тұрмыстық қалдықтар тастаса, мекемелер мен мұнай компаниялары да қоршаған ортаға айтарлықтай залал келтіріп отыр. Мұндай деректер облыстық прокуратура өткізген тексеру шаралары барысында анықталған. Облыстық жер қатынастары басқармасының айтар өз уәжі табылды, шенділер 142 елді мекен қарайтын қала, аудан әкімдерін кінәлайды. Олар басқармаға жерге орналастыру жобаларын ұсынбаған деп отыр. Ал 2013 жылы Жосалы кентінде салынып, мемлекеттік комиссия пайдалануға қабылдаған полигон осы күнге дейін өз егесін таппаған. Полигон қандай да бір мекеменің балансына берілмепті. Осы кенттің тұрғындары күл қоқыстарын Батыс Еуропа-Батыс Қытай халықаралық жолдың бойына төгіп келеді. Ірі мұнай компаниялары мен мердігер ұйымдары өңдірістік қауіпті қалдықтарды залалсыздандырмыстан, заңсыз ашық аспан астына тастап, қоршаған ортаға екі миллиард теңгеге жуық залал келтіргені анықталды.

Нұркен Тұрғанбай, Қызылорда облысы прокурорының аға көмекшісі:
 

Алқа мәжілісінің кезектен тыс отырысында қарап, тиісті облыс әкімдігіне прокурорлық ықпал ету актісі енгізілді. Нәтижесімен 21 лауазымды тұлға тәртіптік жауапқа тартылса, 14 лауазымды тұлға әкімшілік жауапқа тартылды. Мұнай қалдықтарын залалсыздандыру қызметін көрсететін компания басшысы әрекеті дәлелденген жағдайда, Қылмыстық Қодекстің 325 бабы 3 бөлегінде екі жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қаралған. 

Шәрипа САҚТАПОВА