$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Күйеуі тірідей өртеп жіберген ұстаз отбасындағы қатыгездіктен дағдарыс орталығына жүгінген

AstanaTV
08.06.2015ж. 20:00
1540
Күйеуі тірідей өртеп жіберген ұстаз отбасындағы қатыгездіктен дағдарыс орталығына жүгінген

Күйеуі оқушыларының көзінше сабап, кейін бензин құйып тірідей өртеп жіберген астаналық ұстаздың өміріне қатысты тың мәліметтер белгілі болды. Балаларының әкесінің қолынан қайғылы жағдайда қаза тапқан ана Светлана Сәдуова одан үнемі жәбір көріп келген сыңайлы. Ол қайғылы оқиғадан екі ай бұрын жұбайының қатігездігінен қашып, зорлық-зомбылыққа қарсы дағдарыс орталығынан пана іздеген екен. 

Гүлбарам Мұсаева, Астана қаласы зорлық-зомбылыққа қарсы дағдарыс орталығының маманы:

Біздің орталыққа келіп, бізде тұрды 2 ай бала-шағасымен, көмек сұрап.

Қоғамды дүр сілкіндірген бір отбасының күрделі қарым-қатынасының соңы қайғылы аяқталды. Осынау тұрмыстық қатыгездіктің себебі мен салдары жайында бүгін 23.00.-де «Астана» телеарнасындағы «Кеш емес» бағдарламасынан көріңіздер.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ