Дегенмен, ірі-қара Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында да жаппай қырылуда. Аталған өңірде қазірдің өзінде 22 бас сиыр мен 7 жылқы өлген. Бұдан ертеректе тап осы Ырғыз ауданында киіктер қырылғаны мәлім. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасындағылар мұндағы үй жануарларына пастереллез дертіне қарсы вакцинация жүргізілгенін хабарлады. Әзірге жануарлардың қырылуының нақты себептері белгісіз. Тиісті сынамалар жергілікті ветеринариялық зертханаға жөнелтілген. Нәтижесі шамамен он күннен кейін белгілі болады.
Құсайын Сәрсенбай, Ақтөбе облыстық ауылшаруашылығы басқармасының орынбасары:
Пастереллезға вакцинация жүргізіліп жатқан. Оның үстіне біз тағы да қосымша 9 мың 600 доза вакцина алып, бүгінгі күнге осы 2 ауданда жаңағы өткенде киіктер өлген шекаралас аумақтардағы ауылдарда вакцинация жүргізіп жатырмыз.
Мансұр ЕСХОЖИН