Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Қазақстанда егін егу науқаны созылып кетті

AstanaTV
09.06.2015ж. 10:00
1237
Қазақстанда егін егу науқаны созылып кетті

Алайда, ауа-райына қарамастан астықты салып болған шаруалар да бар. Мынау бір апта бұрын егіліп біткен алқап. Бидай сабақтары жер бетіне шығып та үлгерген. Сондықтан, Ауыл шаруашылық министрінің орынбасары кейбір қожалықтардың өздерінде де кінә бар деп отыр.

Сапархан Омаров, ҚР Ауылшаруашылығы вице-министрі:

Кішкене қожалықтар бар бұрынғы ескі техниканы қолданатын, қазіргі технологияны көп сақтай бермейтін. Солар енді қалған күндерде осылар себеді. Ауыл шаруашылық тауар өндірушісі осы өзі бүгінгі күннен бастап дайындала беру керек жаңа лизингтік жаңа бағдарламаларды пайдаланып комбайндар алу керек, сосын астық кептіретін құралдар алу керек. Соның бәріне бүгіннен бастап дайындалу керек.

Құзырлы министрлік, болашақта жерді тиімді пайдалану қағидасы аясында екі жыл көлемінде егістік алқаптарын тыңайтпаған, жаңа технологияларды қолданбаған шаруалардан жерді тартып алмақшы. Оларды кейін жақсы жұмыс істей алатын қожалықтарға беру көзделіп отыр.

Берік ХАСЕНОВ