$543.24 €619.89 ₽6.78
×

Оңтүстікте егін егу аяқталды

AstanaTV
09.06.2015ж. 10:00
Оңтүстікте егін егу аяқталды

Ал оңтүстікте егін науқаны аяқталды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, - деп жазады Қазақпарат. Айта кетейік, 2015 жылы ауыл шаруашылығы алқаптары өткен жылғыдан 71 мың гектарға артық болмақ. Көктемгі егін 18,5 млн. гектарды қамтыса, дәнді дақылдар 15,2 млн. гектарға егіледі. Оның 2,2 млн. гектары - майлы дақылдар, 3,7 млн. гектары - азықтық және 413,6 мың гектар - көкөніс дақылдары мен картоп.

Министрліктің мәліметіне сай, 8 маусымдағы жағдай бойынша, дәнді дақылдар 14 млн. гектар алқапта жүргізілді немесе жоспардың 96 пайызы орындалды. Қолданыстағы егіс техникасының қуаттылығы күніне 1 млн. гектар дәнді дақыл себуге мүмкіндік береді. Яғни, ауа райы қолайлы болса, 2-3 күн ішінде дән себу аяқталады делінген министрліктің мәліметінде.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА