$487.24 €529.34 ₽5.02
×

Астана және Қарағанды мен Маңғыстау облыстары еңбек даулары бойынша көш басында

AstanaTV
09.06.2015ж. 20:00
996
Астана және Қарағанды мен Маңғыстау облыстары еңбек даулары бойынша көш басында

Қожайындар мен жұмысшылар арасында еңбек дауы жиі ушығатын кәсіпорын - «Арселор Миттал Теміртау» және мұнай-газ саласындағы сервистік компаниялар. Бұл жөнінде бүгін Қазақстан кәсіподағының 110 жылдығына орай өткен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда Әбілғазы Құсайынов мәлімдеді. Кәсіподақтар федерациясы төрағасының айтуынша, қазіргі таңда жұмыскер мен жұмыс беруші арасында дау-жанжалдар жиі тіркелетін сала - тау-кен металлургия және мұнай-газ саласы. Сондай ақ, Астана қаласының құрылыс секторында еңбек даулары жиі тіркеледі. 

Әбілғазы Құсайынов, ҚР кәсіподақтар федерациясы төрағасы:

«Арселор Миттал Теміртау» компаниясында өзара түсініспеушіліктер жиі орын алды. Ол мәселелер осы жерде шешіліп жатады. Бүгінде барлық еңбек даулары екі жаққа бірдей оң шешімін табуда.

Ал жалақыны кешіктіріп беру проблемалары кейбір аймақтарда әлі де бар. Әсіресе, банкротқа ұшыраған компаниялар жұмысшылармен есептесуге асықпайды. Бірақ ондай компаниялардың нақты санын федерация төрағасы атамады. Соңғы үш жылда Қазақстанда еңбек дауларының 80 пайызы оң шешім тапқан. Былтыр проблемалық кәсіпорындар жұмысшыларға 1,5 млрд теңге төлепті.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ