Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Алматы іргесіндегі тұрғындар байланыс операторы орнатқан алып мұнарамен «күрес» жүргізуде

AstanaTV
10.06.2015ж. 10:00
1280
Алматы іргесіндегі тұрғындар байланыс операторы орнатқан алып мұнарамен «күрес» жүргізуде

Алматының іргесіндегі Алғабас коттеджді қалашығы тұрғындары байланыс операторы орнатқан алып мұнарамен «күрес жүргізуде». Олар «өз ауламызда еркін тыныс ала алмай, радиациямен уланып жатырмыз»- дейді. Әу-басты оны орнатуға келісім бермегендерін айтады. Алғабас тұрғындарының айтуларынша, ұялы байланыс операторларының бірі 2011-жылы жеке аумаққа, биіктігі 22 метр радиотаратқыш байланыс мұнарасын орнатыпты. Көршілер аумақтағы үйлер тұрғындары «Мұнараға келісім бермедік», - дейді. Көпшілік қазір денсаулықтарының жиі сыр беретінін айтып, ағзадағы кінәраттарға осы антеннадан залал келді деп санайды.

Әмина Түрдиева, Алғабас кентінің тұрғыны:

Қан қысымым бұрындары 120-да 80 болатын. Қазір 200-де 100. Басым жиі ауырады, қалай әсер етпейді. Мынау 4 антеннасы бар мұнара менің үйімнің терезесіне тиіп тұр.

Айгүл Қалижанова, Алғабас кентінің тұрғыны:

Әкімшілік сотқа хат жолдап, мұнараның салынуына қатысты іс қозғалып, жұмыс тоқтаған болатын. Наурыздан бастап, қайта жалғасты. Алатау ауданы прокурорынан көмек сұрадық. Олар сәулетші жіберіп бәрі дұрыс деп көрсетті, бізден рұқсат сұраған ешкім жоқ.

Тұрғындардың қолындағы мына құжат антеннаны тұрғын үй ауласына орналастыруға болатынын растайды. «Адам өмірі үшін қауіпсіз екені» көрсетілген ұйғарымды Алатау аудандық санитарлық эпидемиологиялық орталық берген. Бұл құжатты олар жеке мердігерлерден жанжалдасып жүріп көшіріп алғандарын айтады.

Жомарт Дүйсебаева, Алатау аудандық санитарлық гигиеналық қадағалау бөлімінің бас маманы:

Біз бергенбіз былтыр желтоқсан айында. Вышканың биіктігі 22,5 метр деп көрсетілген. Ал 2 этажды тұрғын үйлердің көрсеткіші 7-8 метр, 3-10 метр. 12 жарым метр биіктікке орналасқан. Мұнара жобалық құжаттамалар бойынша, бір деңгейде орналаспаған. Бұл жерде санитарлық талаптардың бұзушылығы болған жоқ.

Қазір санитарлық эпидемиологиялық орталық мамандары кез-келген уақытта барып ол жердегі радиация мөлшерін тексере алмайтындарын айтты. Оған елде жарияланған шағын және орта бизнеске жарияланған мораторий себеп деді. Ал, дәйекті шағымдар түскен жағдайда тексеруге мүдделі. Әзірге ондай шағым тұрғындар тарапынан түспепті. Ал, байланыс операторы өкілдерінің өз айтары бар.

Алексей Бендзь, «Beeline» компаниясының баспасөз хатшысы:

Бізге халық «антеннаны алып тастаңдар» деп ренжиді. Оны орнынан қозғасақ, «байланыс нашарлады», - деп тағы хабарласады. Егер мүлдем алып таста десе, басқа жерге ауыстырамыз. Әрине біз аздап шығындаламыз.

Базыналы халықтың қолында антеннадан тараған сәуледен денсаулықтарына зақым келгенін растайтын медициналық мекеме берген анықтамалар да бар. Олар мұнара орналасқан жер иесін таппай жүргендеріне айтады. Жер иесі байланыс операторына жерді жалға беріп кеткен. Дегенмен, сапалы байланыстан да қол үзгісі келмеген жұртшылық, енді мұнараны үйдің ауласынан тыс орналастыруға болатын алаңқай әзірлемек.

Айгүл ЕРМАХАН