Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Қоғамды тұрақсыздандыруға тырысқан кез келген әрекет қатаң түрде тоқтатылсын - Президент

AstanaTV
13.07.2017ж. 20:00
2606
Қоғамды тұрақсыздандыруға тырысқан кез келген әрекет қатаң түрде тоқтатылсын - Президент

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік қызметіне 25 жыл. Арнайы жасақ қызметкерлерін мерейлі мерекемен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев құттықтады. Оларды көзге көрінбейтін майданның жауынгерлеріне теңеді. Жауапкершілік пен талаптың тым жоғары екенін айтып, айрықша сенім білдірді. Мерейтойлық жиында әскерилер қызмет барысында қаза тапқан әріптестерін бір минут үнсіздікпен еске алды. Отан үшін опат болғандардың отбасылары үнемі мемлекет қамқорлығында болуы қажет, - деп атап өтті Елбасы. Нұрсұлтан Назарбаев технология қарыштап дамып жатқан заманда кибер қауіпсіздікке дайын болу керектігін де ескертті. Берік киберқалқан жасаудың маңыздылығына тоқталып, бұл мақсатқа қаржы аямау керектігін айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Осы жылдар ішінде Ұлттық қауіпсіздік органдары көптеген қауіптің алдын алып, талай лаңкестік әрекеттің жолы кесті. Мен оның бәрін білемін. Ұлттық қауіпсіздік органдарына біліктілігі мен даярлығы жоғары адамдар ғана қабылданады. Дайындығы бар, білімі бар, сезімі бар, отансүйгіш жүрегі бар адамдар ғана қабылданады. Оларға алаңсыз, әрі адам қызметі үшін мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалуда.

Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік қызметі соңғы 10 жылда 100-ге жуық террористік шабуылдың алдын алып тойтарыс берген. Бұл туралы «Казахстанская правда» басылымына жарияланған авторлық мақаласында комитет басшысы Кәрім Мәсімов жазды. Мерейтойлық жиын өз ісінің үздіктерін марапаттаумен жалғасты. Елбасы көрінбейтін майдан сарбаздарын арнайы орден, медальдармен марапаттады. Одан соңғы жиын мерекелік концертке ұласты.