Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

АҚШ конгресіндегі қос демократ Трампты биліктен аластату керек деп мәлімдеді

AstanaTV
13.07.2017ж. 20:00
2039
АҚШ конгресіндегі қос демократ Трампты биліктен аластату керек деп мәлімдеді

Трампты биліктен аластату керек. «АВС» агенттігі АҚШ конгресіндегі қос демократ Брэд Шерман мен Эл Гриннің осындай мәлімдемесін жариялады. Конгрессмендер мұндай қадамға бару себебін АҚШ президентінің әділ соттың орнауына кедергі келтіруімен түсіндірген. Осы арқылы олар америкада өткен сайлауға Ресейдің қатысы бар жоғын анықтамақ. Сондай-ақ, Шерман Конгресс палатасы заң департаментінің тыңдау өткізуін талап етемін деп отыр. Трамптың федералдық тергеу бюросының бұрынғы басшысымен кездесуінен кейін оны жұмыстан босатуы тағы бір себеп,- дейді конгрессмен.

Кінә арту мұнымен тоқтамай отыр. Демократ сондай-ақ, ақ үй басшысын конституцияға адал боламын деп берген антында тұрмады, дейді. Арыз иелері бірнеше айдан кейін импичмент бастамасына республикалықтар да қосылатынынан үмітті. Ал Дональд Трамп Ресейдің ресми өкілдерімен байланысы жоғын бірнеше қайтара айтқан. Президент өз жұмысына кіріскеннен бері АҚШ-та наразылық акциялары жиі ұйымдастырылып келеді.