Елде
коронавирустың өршуіне байланысты Оңтүстік Корея Президенті Құрама Штаттарға
жоспарлы сапарын шегерді. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз қызметіне
сілтеме жасап, Рейтерс хабарлайды. Пак Кын Хе Барак Обамамен кездесуге
Америкаға 14-маусымда ұшуы тиіс-тін. Алайда
елде вирустың тез таралуына байланысты президенттің жұмыс жоспарына өзгеріс
енгізілді. Кеше
коронавриустан Кореяда тағы екі адам көз жұмды. Қаза болғандар саны осымен 10
адамға жетті. MERS вирусын жұқтырған тағы 13 адам тіркелді. Осылайша барлығы
108 адам қазір бақылауда. Ел билігі вирустың таралуына тосқауыл қоюға барын
салуда. Екі мыңға тарта оқу орындары, балабақшалар жабылды. Жүздеген қоғамдық
шараларға тоқтау салынды. Тұрғындар тегіс медициналық маска киген. Осыған
қарамастан, індеттің беті қайтар емес.
Мөлдір
ДЮСЕКИНА