Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

АҚШ пен G7 елдері Украинадағы жағдай шиеленіссе, Ресейге тағы санкция салыну мүмкіндігін жоққа шығармайды

AstanaTV
10.06.2015ж. 13:00
1266
АҚШ пен G7 елдері Украинадағы жағдай шиеленіссе, Ресейге тағы санкция салыну мүмкіндігін жоққа шығармайды

АҚШ пен G7 елдері Украинадағы жағдай шиеленіссе, Ресейге тағы санкция салынуы мүмкіндігін жоққа шығармайды. Бұл жөнінде Украина Премьер-министрі Арсений Яценюкпен кездесу кезінде Құрама штаттардың Қаржы министрі Джек Лью мәлімдеді деп хабарлайды Рейтерс. Лью мырза Президент Барак Обаманың айтқанын сөзбе-сөз қайталады деуге болады. Күні бұрын немістің Круен қаласында өткен G7 саммитінде Обама «Үлкен жетілік» елдері Ресейге қарсы тағы санкциялар енгізуге дайын деген болатын. Вашингтонның жақын одақтасы ресми Берлин де осындай ұстанымда. Германия канцлері Ангела Меркелдің айтуынша жағдай шиеленіссе, «Үлкен жетілік» Ресейге қатысты санкияларды күшейтуі мүмкін. Ал, Мәскеу Украинадағы ішкі қақтығысқа қатысы жоғын және Украинаның саяси-экономикалық дағдарыстан шығуына мүдделі екенін мәлімдеген.

Мөлдір ДЮСЕКИНА









Алдыңғы жаңалық

Келесі жаңалық