$486.44 €534.31 ₽5.06
×

Қазақстан ДСҰ кіру шарттары жөніндегі 20 жылдай уақытқа созылған келіссөздерді аяқтады

AstanaTV
11.06.2015ж. 10:00
1317
Қазақстан ДСҰ кіру шарттары жөніндегі 20 жылдай уақытқа созылған келіссөздерді аяқтады

Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру шарттары бойынша 20 жылдай уақытқа созылған келіссөздерді аяқтады. Ұйымға қосылу жөніндегі құжаттар 22 маусымда жұмыс тобы мүшелерінің мақұлдауына ұсынылады, одан кейін ұйымның Бас кеңесіне бекітуге беріледі, - деп хабарлайды ТАСС. «Мен ДСҰ мүше елдер мен Қазақстан үкіметін осы тарихи қадаммен құттықтаймын», - деп мәлімдеді ұйымның бас директоры Роберту Азеведу. Жұмыс тобы мүшелері 10 маусымда өткен отырысында ДСҰ-ның 20 жылдық тарихындағы «ең үлкен шаралардың бірі» болған келіссөздердің аяқталуымен құттықтады. Айта кетейік, Қазақстан ұйымға кіру жөніндегі өтінішін 1996 жылы берген болатын. Қазір ұйымға кіру туралы келіссөздерді Қазақстаннан өзге 21 ел жүргізуде, арасында Әзербайжан, Беларусь және Өзбекстан бар. Бүгінде 161 мемлекет пен аумақтар мүше болып отырған ДСҰ - әлемдік сауда саласындағы қадағалау қызметін жүзеге асырып отырған бірден-бір халықаралық орган.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА 




Алдыңғы жаңалық