Өскеменде «Шебер қолдар» деген
атпен этнографиялық мұражай аясында көрме ашылды. Ашық аспан астында нағыз
шеберлерге арналған қалашық жұмысын бастады. Барлық жұмыстар жас шеберлердің
қолынан шыққан. Көрермен назарына ұсынылған әр туынды күнделікті өмірдегі
заттардан құрастырылып, ойылып жасалыпты. Мысалы, жас шеберлер қарапайым
дисктерде көне қалалардың көрінісін бейнелеген. Ал, көбіне қоқысқа лақтырылатын
кортон қораптарды балалар көлемді жұмыстарға қолданыпты. Сонымен қатар, көрмеде
ағаштан, киізден жасалған заттар қойылған. Көрме аясында саз-балшық шеберлері
өнерге құштар жандарға арнайы тегін сабақтар өткізді.
Берік ХАСЕНОВ