Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Бейсенбіде Қазақстанның солтүстік, шығыс және орталық облыстарында күн жаңбырлы болады

AstanaTV
11.06.2015ж. 10:00
1036
Бейсенбіде Қазақстанның солтүстік, шығыс және орталық облыстарында күн жаңбырлы болады

Бейсенбіде Қазақстанның солтүстік, шығыс және орталық облыстарында күн жаңбырлы болады. Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Жел күшейіп, бұршақ жаууы ықтимал. Бұл жөнінде «Қазгидромет» хабарлады деп жазады Қазапарат. Ақмола, Қостанай, Павлодар облыстары мен Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде желдың жылдамдығы 15-20 метрге жетеді. Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман түседі, Шығыс Қазақстан облысының бірқатар ауамақтарында бұршақ жаууы мүмкін. Ал, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА