Өскемендегі этнографиялық
музейде «Шебер қолдар» көрмесі ашылды. Ашық аспан астында нағыз шеберлерге арналған
қалашық жұмысын бастады. Барлық жұмыстар жас шеберлердің қолынан шыққан. Көрермен
назарына ұсынылған әр туынды күнделікті өмірдегі заттардан құрастырылып,
ойылған. Мысалы,
жас шеберлер қарапайым дисктерде көне қалалардың көрінісін бейнелеген. Ал,
көбіне қоқысқа лақтырылатын картон қораптарды балалар көлемді жұмыстарға
қолданыпты. Сонымен қатар, көрмеде ағаштан, киізден жасалған заттар қойылған.
Көрме аясында саз-балшық шеберлері өнерге құштар жандарға тегін сабақтар
өткізді.
Зоя
Быкова, қолданбалы өнер шебері:
Бұл
біздің дәстүріміздің жалғасы. Ең алдымен балаларға қатты ұнайды. Олар біз көп
біле бермейтін құбылыстарды, сезімдерді осы бұйымдар арқылы жеткізе алады. Ал,
осы бұйымдарды біз басқалар өз бағасын берсін деген оймен, көрермен назарына
ұсынуға тырысамыз.
Берік ХАСЕНОВ