$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Велоспорттан «Критериум Дофине» жарысының 4-ші кезеңі аяқталды

AstanaTV
11.06.2015ж. 20:00
1010
Велоспорттан «Критериум Дофине» жарысының 4-ші кезеңі аяқталды

Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында бокстан жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты жалғасуда. Құрлық жарысында сынға түсіп жатқан Қазақстан құрамасы айды аспанға шығарды. Іріктеу сынынан сүрінбей өткен 11 спортшымыз жартылай финалға жолдама алды. Спорт тақырыбын Самат Қанағатов тарқатады.

«Критериум Дофине» жарысының 4-ші кезеңі мәресіне жетті. Аннейрон және Систерон қалаларының арасында өткен бәсекеде Франция спортшысы Насер Буани жеңіске жетті. 228  шақырымнан тұратын жарыс жолын «Кофидис» командасының өкілі 5 сағат 30 минут 53 секундта бағындырды. Жеңімпазбен бір уақыт көрсеткен «Йам» командасының спортшысы Йонас Вангенехтен екінші орынға жайғасса, үшінші сатыны словениялық Лука Мезгец еншіледі. «Астана» клубының спортшылары жарысты пелотонның ішінде аяқтады. Жалпы есепте айтарлықтай өзгеріс жоқ. 4 кезеңнен кейін австралиялық Роан Деннис жарыс лидерінің жейдесін сақтап қалды. «БМС» клубының спортшысына небәрі 4 секунд ұтылып тұрған «Астана» клубының спортшылары Андрей Гривко мен Винченцо Нибали үшінші және төртінші орындарға жайғасты. 



Германияның Штутгарт қаласында теннистен халықаралық турнир жалғасуда. Дәрежелі жарысты сәтті бастаған Франция спортшысы Гаэль Монфис ширек финалға жолдама алды. Дәрежелі жарыстың екінші кезеңінде 28 жасар Париж қаласының тумасы Австрия спортшысы Андреас Хайдер Маурерді екі сетте 7-6,7-6 есебімен жеңді. Кездесу барысында сауатты ойнымен көзге түскен Монфис жеңіске жетіп қана қоймай, жанкүйерлердің көңіл-күйін көтеруге де уақыт тапты.

Енді ширек финалда Франция спортшысы Германия теннисшісі Филипп Кольшрайбермен жартылай финал жолдамасын сарапқа салады.   

Самат ҚАНАҒАТОВ