$516.93 €542.52 ₽4.98
×

Ақтау қаласының аумағы 860 га ұлғаймақ

AstanaTV
13.07.2017ж. 20:00
3060
Ақтау қаласының аумағы 860 га ұлғаймақ

Ақтау қаласының аумағы 860 гектарға дейін ұлғайып, халық саны 110 мың адамға өсетін болды. Бұл туралы ЭКСПО-2017 көрмесі аясында өткен италияндық инженерияға арналған жиында сол елдің архитекторы Вальтер Макки мәлімдеді.

Вальтер мен оның әріптестері дайындаған жоба бойынша, Ақтау толықтай «смарт қалаға» айналады. Жобаға сай Ақтау жасыл және көк аймақ болып бөлінеді. Жаңа салынатын үйлер жазда салқын ал, қыста жылу сақтайтын экологиялық таза материалдан салынбақшы. Құрылыс кезінде энергия сақтағыш технология пайдаланылады. Ол болашақта коммуналдық төлемді айтарлықтай үнемдеуге мүмкіндік береді.

Вальтер Макки, сәулетші  (Италия):

Құрылыс материалдарын пайдалануда ұтарымыз көп. Оның үстіне энергия тұтыну барысында шығын шықпайды деп есептеп отырмыз. Бұл әу баста сапалы материалдар пайдаланылып, кейін олар жұмыс күші ретінде қолданылады деген сөз.

Жаңа Ақтау жобасын дайындауға бірнеше ай уақыт кеткен. Жобаның жалпы құнын италияндықтар құпия сақтап отыр. Қаржы ағылшын қорынан және шет ел банктерінен тартылады деп жоспарланға. Аймақ басшысы Ералы Тоғжановтың сөзінше, 3 кезеңнен тұратын жоба 5 жыл ішінде жүзеге асады.

Ералы Тоғжанов, Маңғыстау облысының әкімі:

Сәулетшілер қаланың Каспий жағалауында орналасқанын негізге алып отыр. Топты «Глобал Проджект» бастады. Біздегі италияндық компания. Ал жұмысты ағылшындық «Глобал Проджект» жалғастырады. Тараптар бүгіннен бастап ауқымды жұмыстар жүргізіп үлгерді.