$487.24 €529.34 ₽5.02
×

Қарағанды әуежайында облыс әкімі бастаған топ Халықаралық ғарыш стансасы экипажының мүшелерін қарсы алды

AstanaTV
12.06.2015ж. 13:00
988
Қарағанды әуежайында облыс әкімі бастаған топ Халықаралық ғарыш стансасы экипажының мүшелерін қарсы алды

Қарағанды әуежайында облыс әкімі бастаған топ Халықаралық ғарыш стансасы экипажының мүшелерін қарсы алды. Олар ресейлік ғарышкер Антон Шкаплеров, Еуропалық ғарыш агенттігінің астронавты Саманта Кристофоретти және NASA астронавты Терри Вертс. Айта кетейік, 11 маусымда Астана уақытымен сағат 19.44-те Халықаралық ғарыш стансасының 42/43 экипажы Жезқазған қаласынан 146 шақырым жерде сәтті қонған болатын. Жарты жылға созылған ғарыштық вахтадан кейін экипаж Жерге оралды. Олар стансада ғылыми-қолданбалы зерттеу бағдарламаларын толықтай атқарды және екі ресейлік, бір американдық жүк кемелерінің жұмыстарын қамтамасыз етуге қатысты. Енді жаңа экспедиция экипажы Халықаралық ғарыш стансасына 24 шілдеде «Союз ТМА-17М» кемесімен аттанады.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА