$487.24 €529.34 ₽5.02
×

Колледждегі жарылысқа қатысты алғашқы әскери дайындық мұғалімі 2 жылға бас бостандығынан айырылды

AstanaTV
12.06.2015ж. 20:00
1435
Колледждегі жарылысқа қатысты алғашқы әскери дайындық мұғалімі 2 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматыдағы сән және дизайн колледжінің алғашқы әскери дайындық пәнінің 3 мұғаліміне қатысты қылмыстық істер бойынша Алмалы аудандық соты үкім шығарды. 7 айға созылған сот процесінің нәтижесі бойынша Ғабит Қарабалаев  ҚР Қылмыстық кодексінің  екі бабы, яғни қару-жарақты заңсыз сақтап жəне адам өліміне əкелген əрекет жасағаны үшін,  айыпты деп танылып, 2 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы қалалық сот баспасөз хатшысы Қуандық Ешмет мәлімдеді. Ал айып тағылған тағы екі мұғалімге қомақты айыппұл салынды.

Қуандық Ешмет, Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы:

Юрий Гавриленко және Серікбай Баймолдиновты ҚР қылмыстық кодексінің  287 бабының 3-ші бөлігімен кінәлі деп  танылып осы аталған баптар бойынша оларға 991 мың айыппұл тағылды.

Айта кетейік, қайғылы жағдай былтыр қарашада Алматы Сəн жəне дизайн колледжінде орын алған болатын. Алғашқы əскери дайындық пəні кезінде РГД-5 қол гранатасы жарылып кетті. Төтенше жағдай салдарынан 1 студент қаза болып, 8 студент ауруханаға түскен-ді. 

Айгүл ЕРМАХАН