$487.24 €529.34 ₽5.02
×

Семейде демалыс күні қатты жел салдарынан электр тасымалдау желілері үзіліп, 16 ғимараттың шатыры қирады

AstanaTV
15.06.2015ж. 13:00
2056
Семейде демалыс күні қатты жел салдарынан электр тасымалдау желілері үзіліп, 16 ғимараттың шатыры қирады

Семейде демалыс күні қатты жел салдарынан электр тасымалдау желілері үзіліп, 16 ғимараттың шатыры қирады. Тіпті жауын суы қаланың күре жолдарына жиналып, көлік қозғалысы тоқтады. Бұл туралы қалалық ішкі саясат басқармасы хабарлады. Табиғаттың тосын мінезінің салдарынан Семейде 57 мыңнан аса пәтер жарықсыз қалды. Электр қуатының өшуіне қатты желден ұшқан шатыр жабындылары мен ағаштардың электр тасымалдау желілеріне құлауы себеп болған, -  деп жазылған таратылған хабарламада. Мөлшерден тыс жауған жаңбыр суы күре жолдардың бойында жиналып, қалада көліктер батып қалды. Жылдамдығы секундына 30 метрге дейін жеткен қатты желден қаланың барлық дерлік бөлігінде зақымданған нысандар көп. Қазіргі күні Семей қаласының әкімдігі шұғыл жағдайда электр желілері, электр жарығын берудегі апат салдарын жоюға кіріскен. Көше бойында суды сорғылау және құлаған ағаштарды, қирандыларды тазарту жұмыстары жалғасып жатыр екен. Апат салдарын жою жұмыстарына 200-ге жуық адам мен коммуналдық және Төтенше жағдайлар қызметтерінің 51 техникасы жұмылдырылған.

Берік ХАСЕНОВ