Қызылорда облысында аптап ыстықтан шомылу маусымы басталып кетті. Алайда
төрт жүз мыңдай тұрғыны бар шаһарда жалғыз ғана ресми жағажай жұмыс істейді.
Ал демалушылардың көпшілігі Сырдария
өзенінің кез-келген жерінде суға шомылып салқындауды дағдыға айналдырған.
Құтқарушылар оларға заңды түрде тосқауыл қоя алмайды. Тек ескертумен ғана
шектеледі. Маусым енді басталса да, ауа-райы қырық градус ыстықты көрсетіп тұр.
Қызылордалықтар шыжыған аптап ыстықтан жан сауғалап, Сырдарияның салқын суына
шомылуға құмар. Бір әттеген-айы, шаһарда халықтың суға түсуіне тиісті деңгейде
жағдай жасалған жағажай біреу ғана.
Рүстем Құрманқұлов:
Үйіміз алыс болса да, демалатын жер осы ғана. Басқа жерге түсейік
десек-қауіпті шамалы, сулары ластау. Осы жер сулары, бәрі-жақсы, құтқарушылары
бар, арнайы өз белгілері бар.
Әділбек Жұмабек:
Осындай жерлерде пляж ашылып жазғы маусымда ыңғайлы болса үйдің қасынан,
үйге жақын. Басқа пляжға баруға бізге алыс.
Қауіпсіздік ережелеріне мән бермейтін кейбір тұрғындар өзеннің кел-келген
жерінде шомылып жатыр. Мұнда заңсыз жағажайлардың жалпы саны қанша екендігін
ешкім білмейді. Құтқарушылар болса, демалушыларға тыйым сала алмаймыз,оған
құзырымыз жоқ,-дейді. Олар тек ауызша ескертіп, судағы кезекшілікті қатайтып,
жан-жақтағы кішігірім жағажайларды аралауға мәжбүр. Ал дарияда жылдан жылға
қауіп артып келеді. Осы жылдың бес айында өзен он төрт адамның өмірін жалмады.
Оның үшеуі - кәмелетке толмаған балалар.
Арыстан Алмашев, Қызылорда облысының ТЖД «Cуда құтқару қызметі» ММ басшысы:
Дарияда су тасқыны болған кезде, мұз жүрген кезде астының барлығын өзгертеді. Сол кезде алдынғы
жылы сол жерге суға түсуге үйренген азаматтар келесі жылы сол жерде қайғылы
жағдайға душар болып жатады. Өйткені асты, құм, барлығы өзгеріп жатады,
тереңдік пайда болады. Бізде көп аудандарда судан құтқару қызметі бөлімшелері
ұйымдастырылмаған.
Құтқарушылар осы күрделі мәселеге Төтенше жағдайлар министрлігі назар
аударса, - дейді. Арнайы суда құтқару қызметінің станциялары тек аймақ орталығы
мен Арал қаласында жұмыс істеуде. Қалған алты аудандағы демалушылардың қауіпсіздігін
қадағалауда олар жылдағы әдетпен белсенді жасақшылар топтары көмегіне жүгінеді.
Шомылу маусымы қызар шақ - шілде де таяп
қалды.
Шарипа САҚТАПОВА