Көк базарда бағасы "удай" жеміс-жидек арзандауы мүмкін. Өйткені тап осы нарықта өзбек кәсіпкерлерінің қатары арта түспек. Соңғы бес айдың өзінде көрші елден келетін жеміс-жидек көлемі 25 пайызға артқан. Бұған Президент Шавхат Мирзиеевтің сауда-саттық кедергілерін алып тастауы түрткі болды,- деді Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев. Өткен жылы жалпы тауар айналым 16 пайызға ұлғайып, 2 млрд долларға жуықтады. Наурыз мейрамында Қазақстанға ресми іссапармен өзбек елінің басшысы келіп кетті.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Открыты 4 торговых дома, на 30% больше зерна и узбекских фруктов, и овощей на 25% больше, чем за все предыдущее время. Это благодаря тому, что новое руководство Узбекистана полностью открыло все возможности торговли и сняло барьеры.
Қазақстан Өзбекстанға мұнай мен түрлі металл және бидай мен ұн сатады. Дәл бидай бойынша біз жалғыз экспортерміз. Ал Өзбекстан Қазақстанға газ, тоқыма өнімдері, жеміс-жидек жеткізеді. Өзбекстанның экспорттық бағыты бойынша біз Швейцария, Қытай, Түркиямен қатар төрттікке кіреміз. Биылғы ресми сапар барысында Мирзиеевпен бірге 250-дей кәсіпкер келді. Нәтижесінде тараптармен шамамен 1 млн долларға келісімшарт жасалады. Эскпорт-импорт көлемі нақты қай бағыттар бойынша артатыны әзірге нақтыланған жоқ.
Шавкат Мирзиёев, Өзбекстан Республикасының президенті:
Я вам искренне хочу сказать, этого не было никогда. Такого договора контрактов, около млрд долларов. Это историческое подписание.
Айта кетейік, экс-президент Ислам Каримов Наурыз мейрамын ерекше тойлайтын. Ташкенттегі орталық алаңда ән шырқап, би билеп жүретін видеосы жылда шартарапқа тарайтын. Биыл бәрі басқаша. Елде наурызды бір "нүктеде" ғана емес, әр жерде атап өтуге рұқсат берілді. Сөйтіп, мерекенің мазмұны өзгеріп шыға келді.
Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ