Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Әз-Наурызды тәуелсіз елде алғаш тойлаған әже

AstanaTV
24.03.2017ж. 20:00
2986
Әз-Наурызды тәуелсіз елде алғаш тойлаған әже

Әз-Наурыз мерекесін тойлау кең етек алып келе жатқаны қуантады. 91-дегі Кәкен қария осылай дейді. Наурызды тойламақ түгілі, ұлттық киім кие алмаған замандастарын еске алды. Мереке қарсаңында қарт ананы біздің түсірілім тобымыз құттықтап, наурыз көжеден ауыз тиіп қайтқан еді.

Түсірілім тобы келгенде, Кәкен әже намазын аяқтап, жұмадағы әдетімен құран кітабына зер салып отыр екен. Қарт кісі мереке басталса, Наурыз көжесін істеп, елдің амандығын тілеп, бата қылады. Ол - Целиноградқа Ақмола атын қайтару туралы ұсыныс айтқан алғашқылардың бірі. Қазақ драма театрында тігінші болып істеген шебер "ол кезде наурызда ұлттық киім киюге именетін едік" дейді. Қазір бүгінгі күнге шүкіршілік етеді.

Кәкен Сәметова:

Тәуір киім жоқ онда. Бәрін өз қолыммен істеп киіндірдім. Әжелерімнен, шешелерімнен көргендерім ептеп бар, мына наурыз көже істеуді, ұлттық киімдерді әжемнің бір қол машинасы олды. Соны сылдыратып-сылдыратып, өзім тігіп киіп алатын болдым.

Кәкен әжей 91-ге келсе де, тың. Әлі күнге тігін тігіп, өлең жазады. 12 немере, 26 шөберенің маңдайынан иіскеп, мауқын басатын əже, елде тек тыныштық болса, деп тілейді.

Сақтасын Алла Елбасы, ерімді,

Сақтасын алла тіл-көзден жерімді.

Дұшпандар кетсін мәңгіріп,

Ел тәуелсіздігі болсын мәңгілік! Әумин!

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ