$487.24 €529.34 ₽5.02
×

Швейцариядағы сот-медициналық сараптама институты Рахат Әлиевтің зорлықпен өлтірілу белгілерін таппады

AstanaTV
15.06.2015ж. 20:00
1382
Швейцариядағы сот-медициналық сараптама институты Рахат Әлиевтің зорлықпен өлтірілу белгілерін таппады

Швейцариядағы сот-медициналық сараптама институты Рахат Әлиевтің зорлықпен өлтірілу белгілерін таппады. Бұл жөнінде Австрияның ақпарат агенттігі хабар таратуда. Онда Вена прокуратурасының баспасөз хатшысы Нина Буссектің «Зорлау және улау әрекеттеріне қатысты дәлел жоқ» деген мәлімдемесі келтірілген. Қысқасы, сот-медициналық сараптама «Әлиев өз-өзіне қол салды» деген бастапқы тұжырымды растап отыр. Алайда Буссек, Әлиев өлімінің себептерін тексеру әлі аяқталмағанын, мәлімдеді.

Еске салсақ, Рахат Әлиев 23 ақпанға қараған түні Вена түрмесінде асылған күйі табылған еді. Австрияның әділет министрлігі оның өз-өзіне қол жұмсағанын ресми түрде растаған-ды. Жылдар бойында іздеуде болған экс-елші өткен жылдың 5 маусымында Венада полицияға өзі келді. Қазақстанның Бас прокуратурасы бұған «Нұрбанктің» топ-менеджерлері Темірәлиев пен Хасеновті ұрлау және өлтіру деректері бойынша тергеу материалдары негіз болғанын хабарлады. Қазақстан соты Әлиевті 40 жылға бас бостандығынан айыру туралы сырттай үкім шығарған болатын.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА