Маңғыстау
облысында қауіпті өрмекшілер қаптап кетті. «Фаланга» деп аталатын бүйілерді
тұрғындар қала маңынан ғана емес, Ақтаудағы кейбір пәтерлер мен ғимараттарда да
байқаған. Мамандар Маңғыстау облысында бұрын соңды осыншама бүйілердің өріп
жүргенін көрмегенін айтады. Олар «улы» болмаса да адам үшін өте қауіпті
көрінеді. «Фаланга» бүйісінің кейбіреуі 8 саниметрге жетеді екен. Олардың
шаққан жері адамға біршама зақым келтіреді, тістеген жеріне түрлі жұқпалы
аурулардың вирусын жұқтыруы мүмкін. Табиғат зерттеушілері, ашық аспан астында
демалуды ұнататын адамдарды сақ болуға үндеді. Күркелер мен аяқ киімдерін үнемі
тексеру керектігін ескертеді. Еске салайық, осыдан бірнеше жыл бұрын, Маңғыстау
облысында қарақұрт қаптап кеткен болатын. Ал, осы айдың басында Ақтау қаласын
«қызыл қоңыз» басып алды. Мамандар бұл құбылысты көктемнің жаңбырлы болуымен
түсіндіреді.
Влад
Ротмистров, табиғат зерттеушісі:
Киіктер,
жайрандар жоқ, ол жәндіктерді таптайтын жануарлар қалмай барады. Аймақтағы
табиғатта тепе-теңдік бұзылды. Бүйімен қоректенетін кесірткелер мен құстар да
азайған. Осыдан кейін жәндіктер күн сайын көбейіп барады. Құзырлы министрлік
осы мәселе төңірегінде қандай да бір шара қолдануы қажет.
Берік
ХАСЕНОВ