Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Атырауда құлаған жатақхана тұрғындарына пәтер кілті табысталды

AstanaTV
16.06.2015ж. 10:00
1325
Атырауда құлаған жатақхана тұрғындарына пәтер кілті табысталды

Атырауда құлаған жатақхана тұрғындарына пәтер кілттері табысталды. Олар жаңа бой көтерген 240 пәтерлік коммуналдық үйге қоныстандырылды. 31-мамырда Мұса Баймұханов көшесіндегі №39 үйдің бір подъезі опырылғанда, 65 отбасы баспанасыз қалған болатын. Олардың 44-і қоныс тойын тойлауда. Ал қалғандары шағын бөлмелерді місе тұтпай отыр. Жатақхана алдында, ашық аспан астында түнеуде. Апатты үй тұрғындары жылдар бойы күткен баспанаға қол жеткізіп, төбелері көкке жеткендей. Коммуналдық үйден әр отбасына 36 шаршы метрлік пәтерден тиді. Жарық, су, газ және жеке жуыну бөлмесі- олардың арманы еді.

Жанаргүл Әбдірахманова:

Балапаным екеуміз көшіп келіп жатырмыз. Мекеніміз құтты қоныс болсын. Барша осы жердегі жұртқа. Өзіме ұнайды, жағдайы бар, светі, жарығы, суы бар, ыңғайлы өзімізге өмір сүруге.

Десе де, қоныс тойына асықпайтындар да бар. Ашық аспан астында жайғасқан мына топ - апатты жатақханада тұрған басқа 15 отбасы. Бала-шағасымен 4 күннен бері осында түнеп жүр. Жұмыстан оралғасын, осы жерде тамақтанамыз,- дейді. Зейнеткерлер мен бала шаға күні бойы осында. Коммуналдық үйдің бір бөлмесіне бармаймыз, - деген олар, жергілікті биліктен отбасы мүшелеріне сәйкес толыққанды баспана талап етіп отыр.

Жамал Бисенғалиева, жатақхана тұрғыны:

Менде 35 жилой, мен 13 жилойға қалай барам. Кереуетімнің өзі үлкен, кереуетім сыйғанда коляскам сыймайды, өзім сыймаймын. Оған қалай барам, саған сол да жарайды бір бөлме, жатақханаға бар. Ештеңе берілмейді саған деп, Нұрғалиева Марта көзімше шұқып тұрып айтты.

Сақыпжамал Ботабаева:

3-4 күннен бері осы жерде жатырмыз. Баратын жеріміз жоқ. Немерелерімізді жетектеп. Қашан шешіледі? Бізге кезекпен емес. Құлаған үйіміздің орнына үй керек бізге. Үй берсін. Біздің нарымыз да, барымыз да - осы жекеменшік бір бөлмелі жатақхана үйіміз ғол ол біздің.

Ал жергілікті билік «Апатты жатақхана тұрғындарына берілетін коммуналдық үй - уақытша баспана екенін түсіндірудеміз. Бірақ жұрт оған да келіспей отыр» - дейді.

Нұрлыбек Ожаев, Атырау қаласының әкімі:

Осы жерге көшірілді. Ол кеңейтілуге, отбасын, 2,3 бөлмелі пәтерден алып тастайды, - деген түсінік қалыптаспау керек. Құқықтары сақталады. Ол жерге барды, жекешелендірмейді. Бір бөлмелі үйді тапсырады. Есесіне кезегі келгенде заңдылыққа сәйкес, тиісті, 2 бөлмелі, 3 бөлмелі үйлерін алатын болады.

Қала әкімі тұрғындар далада қоныстануын жалғастырса, Құқық қорғау органдары арқылы әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін ескертті. Коммуналдық үйден бас тартқан жатақханалықтар болса, лайықты тұрғын үй бермесе, орындарынан қозғалмауға бекініп отыр. Олар сотқа талап арыз беріп қойды. Соңғы нүктені сот қоймақ.

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ