Жапонияда
аптап кесірінен 780-ге жуық адам ауруханаға түскен. Бұл туралы «РИА Новости»
хабарлады. Соңғы бір аптаның ішінде ауа температурасы
+30-дан жоғары болғандықтан, Жапонияда адамдар жаппай дәрігерлерге жүгінген.
Әсіресе,
Токио, Осака қаларынан, Саитама, Хёго, Аити және тағы басқа префектуралардан
науқастар түскені хабарлануда. Қазіргі күні Жапонияның басым бөлігінде ыстық
басылып, жауын-шашынға ұласты. Елдің
басты метрологиялық агенттігі ылғал сағатына 50 миллиметр жылдамдықпен
жауады, - деген болжам жасауда. Осыған орай енді сел және тасқын қаупі төнгенін
хабарлауда.
Берік ХАСЕНОВ