$448.39 €486.91 ₽5.83
×

Тбилисиге тағы да су тасқыны қаупі төніп тұр

AstanaTV
16.06.2015ж. 13:00
864
Тбилисиге тағы да су тасқыны қаупі төніп тұр

Тбилисиге тағы да су тасқыны қаупі төніп тұр. Грузиялық БАҚ өкілдері Ваке ауданында көшкін Вере өзенінің арнасын жауып тастады, - деген ақпарат таратуда. Соның салдарынан су деңгейі көтеріліп, Грузия астанасына тағы да қауіп төндірді. Рейтерс агенттігінің хабарлауынша, төтенше жағдай орнында студенттерден құралған еріктілер де жұмыс істеуде. Олар сел салдарын жоюды қолға алған. Бұрынырақ, Грузияның Табиғи ресурстарды және қоршаған ортаны қорғау министрлігі он төртінші маусымда Тбилисиде болған тасқын Вере өзені арнасы «лай көшкінімен» бөгелгендіктен ауқымды болғанын түсіндірген.

Берік ХАСЕНОВ


 

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах