Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Петропавлда нөсер жауыннан бірнеше баспана суда қалды

AstanaTV
17.06.2015ж. 10:00
1004
Петропавлда нөсер жауыннан бірнеше баспана суда қалды

Петропавл тұрғындары да нөсер жаңбырмен күресіп жатыр. Жауыннан келген су қала сыртындағы бірнеше үйді алып кетті. Аймақта күн шығып, жаңбырдың толастағанына екі күн болғанымен, «Жұмысшылар» кентінде жиналған су тартылар емес. Себебі, тұрмыстық қалдықтар суағарларды бітеп тастаған. Кей жерлерде судың деңгейі 20 см-ге жетеді. Сел зейнеткер Юрий Устининнің үйіне де басып кірген. Баспананың іргетасы мен едені дымқылдан бүліне бастапты. Құтқару қызметі ардагерінің айтуынша, ол суды өз күшімен сорғызып бағуда.

Юрий Устинин:

Су алдымен аулаға, кейін үйдің астына кіреді. Менің үйім жарты метрдей аласарып қалды. Іргетасын су жеп қойды. Осының бəрі суағарлардың жоқтығынан. Құбыр орналасқан Украина көшесінен Фурманов көшесіне дейінгі аралық үнемі бітеліп қалады. Жазбаған жерім қалмады.

Айжан ҚУАШ