$487.24 €529.34 ₽5.02
×

Ақтөбе қалалық соты маслихат депутаты М.Өндіргеновтің мүлкіне тыйым салды

AstanaTV
17.06.2015ж. 10:00
1452
Ақтөбе қалалық соты маслихат депутаты М.Өндіргеновтің мүлкіне тыйым салды

Ақтөбе қалалық соты, жергілікті мәслихат депутат Мейіржан Өндіргеновтің ісіне қатысты жаңа деректердің жариялады. Тергеушілер автопарк қожайынының Астанада бір емес бірнеше жылжымайтын мүлкі барын анықтаған. Нақтырақ айтсақ, оның атына гараж, көпқабатты үйден пәтер мен үй тұрғызылған жер телімі тіркелген. Сондай-ақ, тағы ірі көлемде бірнеше банктен есеп-шоттары табылыпты. Яғни, 80 млн теңге мен 700 мың АҚШ доллары сақтаулы тұрған. Сот оның бар мүлкіне тыйым салды.

Әлима Әділова, Ақтөбе қалалық №2 сотының судьясы:

ҚР Қылмыстық Кодексінің 192-бабы, 2-бөлімі, Б және В тармақтары бойынша айып тағылған Өндіргенов Мейіржан Сағидоллаұлының мүлкін тәркілеу туралы сот шешімі қанағаттандырылсын. Бұл қаулыға қарсы болған жағдайда №2 қалалық сотына үш күннің ішінде арыздануға болады.

Еске салсақ, Мейіржан Өндіргенов 30-мамырда ақша бопсалау және ірі көлемде қаржы жасырғаны үшін тұтқындалған. Оның үйінде және жұмыс орынында, сондай-ақ ол басқаратын кәсіпорын кассасынан жедел уәкілдер 141 млн теңге, 2 млн еуро және 6 млн доллардан астам АҚШ долларын тапқан. Бұған дейін, депутаттың коттеджі мен Ақтөбе қаласындағы 3 пәтері және өзге де компаниялардағы үлесіне сотпен тыйым салынған-ды.

Мөлдір ДЮСЕКИНА