Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Мұсылман үшін қасиетті Рамазан келді

AstanaTV
18.06.2015ж. 10:00
1204
Мұсылман үшін қасиетті Рамазан келді

Бүгін Оразаның алғашқы күні. Ислам әлемі үшін қасиетті, берекеге толы, он екі айдың сұлтаны саналатын Рамазан - биыл 29 күнге жалғасады. 17-шілдеде Ораза айтына ұласады. Жаратқанға құлшылық еткен жамағат қасиетті айдың Тарауық намазын оқыды. Құран аяттары түсе бастаған бұл айда мұсылманның бес парызының бірі орындалып, ораза ұсталады. Оразаны балиғат жасына толған, ақыл-есі дұрыс мұсылмандарға ұстау міндеттелген. Ал науқастар, ауыз бекітуге дерменсіз қариялар, оразаның фидия рәсімін жасайды. Яғни, мүсәпір адамды екі мезгіл тамақтандыру керек. Имамдардың айтуынша, биыл ауыз бекітетін уақыт өткен жылғыларға қарағанда жарты сағатқа ұзақ. Әрі шілде айының аптап ыстығына келіп отыр. Дін жолындағылар «қиындықтан қашу, айдың басы мен аяғында ғана ауыз бекіту немесе дене бітімді дұрыстау үшін Ораза ұстау қателік», - екенін ескертеді. Айта кетейік, пітір садақасының мөлшері Қазақстанның барлық аймақтары үшін 200 теңге болып бекітілген.

Бауыржан Мансұров, Атырау қаласындағы «Иманғали» мешітінің бас имамы:

Әрине биылғы аптап ыстық, оның үстіне түнгі үш жарымнан кешкі тоғыз қырыққа дейінгі уақытты есептеп қарайтын болсақ, өте ұзақ, ауызымыз берік болып, ораза ұстап жүруіміз. Мұның бәрі пенде үшін, Пайғамбарымыздың қадисінде айтады, «пенденің бір күн оразасына жетпіс жылға тозақ отынан алыстады», - дейді. Бұл айда шайтандар кісенделіп, бұл айда жаннат қақпаларының есігі ашылады. Сондықтан, Рамазан айының сауабы, Рамазан айында жасалатын әрбір қайырымдылық, әрбір сауап бірден 700 есе еселенетін болады.

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ


Алдыңғы жаңалық

Келесі жаңалық