Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Ертең барша мұсылман қауымы үшін қасиетті Рамазан айы басталады

AstanaTV
17.06.2015ж. 20:00
3408
Ертең барша мұсылман қауымы үшін қасиетті Рамазан айы басталады

Ертең барша мұсылман қауымы үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Осы күннен бастап жер жүзіндегі мұсылмандар отыз күн бойы ауыз бекітіп орза тұтады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы қасиетті Рамазан айына орай халыққа Үндеу жолдады. Дінбасы өз үндеуінде Рамазан жалпыға ортақ ізгі амалдар маусымы екенін айта келе, барша халықты осы ізгі іс-шараларға атсалысуға шақырды. 

Ержан қажы Малғажыұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы,Бас мүфти:

Жомарт, жанашыр азаматтарды, кәсіпкерлерді көмекке мұқтаж адамдарға қамқорлық көрсетуге, су тасқынынан үйсіз қалған отандастарымызға қайырымдылық жасауға, табиғи апат салдарынан бұзылған көпір мен жолды жөндеуге үлес қосуға, жетім мен жесірге мейірімділік танытып, қараусыз қалған қарттарға көңіл бөлуге шақырамын. Қасиетті айдың құрметі үшін халықтың тұрмыстық қажеттіліктеріне жеңілдік жасалып, Құдайы астар мен тойлар ауызашар уақытында ұйымдастырылса, деген тілек білдіремін. Рамазан - бірлік айы. Осы айда берілетін ауызашарлар ағайын-жұрттың арасын жақындастырып, игі іс-шаралар мен қайырымдылық акциялар халқымызды сенімі мен нәсіліне қарамай, ортақ мақсатқа үндейді. Бүкіл әлемнің Жаратушысы барша адамға: «Бөлінбеңдер», - деп бауырмал болуға бұйырған. Бірлігі күшті елдің берекесі артады.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА