Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Заңсыз трансплантацияны тыю керек - Е.Біртанов

AstanaTV
24.03.2017ж. 20:00
2566
Заңсыз трансплантацияны тыю керек - Е.Біртанов

Денсаулық сақтау министрі Алматыдағы клиникалардың бірінде донордың көз жұмуына байланысты пікір білдірді. Елжан Біртанов арнайы тексерістің қорытындысын күтуге шақырды. Министрдің айтуынша, іс насырға шапқанда дәрігерлер донордың жанын сақтау үшін бірнеше мәрте тырысқан. Медициналық қызметкерлердің қателігі қаншалықты екенін тергеу айқындайтын болады.

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

Жағдайды дұрыс түсіну керек. Трансплантация - қазір үлкен проблемалардың бірі. Қандай да бір азғасын ауыстыруға мұқтаж науқастардың саны көп. Біздің министрліктің ұстанған бағыты айқын. Ақша табуды көздеп, заңсыз трансплантациямен айналысатындардың жолын тыю үшін, тиісті шаралар қолданатын боламыз. 

Осыған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында бүйрек ауыстыру операциясы өткен жылдың 7 желтоқсанында Алматы қаласындағы № 7 ауруханада жасалғаны жайлы ақпарат тараған болатын. Емделуші 19 қаңтарда қайтыс болған. Қазір донордың өліміне байланысты Алматы қаласының ІІД сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.  Сот сараптамасы тағайындалған.

Айбек ҚОСАНОВ