$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Корея Халықтық Демократиялық Республикасына қатаң санкциялар қолдануды құптайды

AstanaTV
09.08.2017ж. 20:00
2641
Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Корея Халықтық Демократиялық Республикасына қатаң санкциялар қолдануды құптайды

Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Корея Халықтық Демократиялық Республикасына қатаң санкциялар қолдануды құптайды. Кеңес отырысында Солтүстік Кореяның атом бағдарламасын жалғастыруына және БҰҰ ҚК-нің барлық резолюциясын бұзуына қатысты жаңа резолюция бірауыздан қабылданды.

Қазақстан Пхеньян билігін арандатушылық әрекеті үшін айыптағанымен, шиеленіскен мәселені бейбіт жолмен шешу керек, деп санайды. Солтүстік Корея соңғы рет кезекті атом зымыранын сынақтан өткізгенде, ресми Астана тараптарды дереу келіссөзге отыруға шақырған еді. Өйткені Пхеньянның жауапсыз саясаты әлемдегі бейбітшілікке қауіп төндірдіп отыр, деп мәлімденді.

Ал БҰҰ ҚК-сі қабылдаған санкциялар Корея Халықтық Демократиялық Республикасының экономикасын тығырыққа тіреп, атом бағдарламасын дамытуға жол бермеуді көздейді. Қатал санкциялардан соң ел темір, көмір, қорғасын және теңіз өнімдерін экспорттай алмайтын болады. Ол кезде Солтүстік Корея кірісінің үштен бір бөлігін жоғалтпақ. Сондай-ақ БҰҰ ҚК-нің бұрын қабылдаған резолюциясын бұзуға қатысқан заңды және жеке тұлғалардың санкциялық тізімі кеңейтілмек.