$474.72 €515.17 ₽5.58
×

Бразилиялық дәрігерлер питонға сәтті ота жасады

AstanaTV
19.06.2015ж. 13:00
1203
Бразилиялық дәрігерлер питонға сәтті ота жасады

Бразилиялық дәрігерлер ұзындығы 5 метр болатын аналық питонға ота жасады. Белгілі болғандай алып жылан жұмыртқалай алмаған. Бұл жайында Рейтерс агенттігі жазады. Зообақ қызметкерлері питонның салмақ жоғалта бастағанын байқаған. Кейін дәрігерлер ота жасамаса рептилия өледі, - деген қорытындыға келді. Тексеру кезінде жыланның ішінде жұмыртқа бары анықталды. 5 ветеринардан құралған топ питонның құйрық жағын тіліп, деформацияға ұшыраған жұмыртқаны алып тастады. Сондай-ақ, питонның денесінен жетілмей қалған 12 жұмыртқа табылды. Қазір жыланның жағдайы жақсы,- дейді мамандар.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА