$485.04 €525.98 ₽5.04
×

Атырауда мұнай төгілген

AstanaTV
19.06.2015ж. 20:00
1539
Атырауда мұнай төгілген

Атырау облысында мұнай төгілген аумақ анықталды. Заңсыз төгілген қара алтын кезекті тексеру кезінде облыс орталығынан 40 шақырым қашықтықтағы Қарабатан стансасы маңынан табылып отыр.

Қара қошқыл дақ шамамен 250 шаршы метр аумаққа жайылған. Жерге сіңіп кеткендіктен, мұнайдың қашан және қалай төгілгенін анықтау қиынға соғып отырған сыңайлы. Табиғат қорғау прокурорлары тиісті тексеру жұмыстарын бастап кетті. Эколог-мамандар сынама алып, төгілген мұнайдың табиғатқа келтірген залалын анықтауда. 


Сапар Тұрсынбеков, Атырау облысы мамандандырылған табиғат қорғау прокурорының аға көмекшісі:

Нақты айта алмаймыз. Себебі, өздеріңіз көріп отырғандай, мұнайдың біраз болған төгілгеніне және жерге сіңіп сумен шайылған фактілері орын алған. Мүмкін, мұнай құбыры өтсе, төгілуі мүмкін.

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ