$474.72 €515.17 ₽5.58
×

Н.Патрушев: «Ислам мемелекеті» қатарында мыңнан астам Ресей азаматтары соғысуда

AstanaTV
22.06.2015ж. 13:00
909
Н.Патрушев: «Ислам мемелекеті» қатарында мыңнан астам Ресей азаматтары соғысуда

«Ислам мемлекеті» қатарында мыңдаған ресейліктер соғысуда және еріктілердің Сирияға ағылуын тоқтату әзірге мүмкін емес. Ресейдің Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушев «Коммерсанть» газетіне берген сұхбатында осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, радикалдар қатарында Орталық Азия, Батыс Еуропа мен АҚШ азаматтары бар. Олар өз елдеріне оралған күннің өзінде аса қауіпті. Патрушев исламшылар қатарына өтіп жатқандарды тоқтату мүмкін еместігін айтады. Оның себебін батыстың құйтырқы саясатымен байланыстарды. «Ислам мемлекеті» Асадқа қарсы шыққанда, АҚШ оны жөн санайды. Соған қарамастан, елді бомбалайтын да өздері. Олар осы ойындарын доғармаса, соғыс жалғаса береді»,- дейді. Белгілі болғандай содырлар ЮНЕСКО-ның қорғауындағы ежелгі Пальмира ескерткіштерін миналап тастаған. Исламшылар бүгінге дейін  барлығы 750 мәдени нысандарды талқандаған.

Мөлдір ДЮСЕКИНА