$485.04 €525.98 ₽5.04
×

Шығыс Қазақстан облысында кене қаптап кетті

AstanaTV
23.06.2015ж. 10:00
1304
Шығыс Қазақстан облысында кене қаптап кетті

Шығыс Қазақстан облысында ауа райының күрт ысуына байланысты кене қаптап кетті. Өңірде кене энцефалитін жұқтырды деген күдікпен 13 адам ауруханаға жатқызылған. «Қансорғыш жәндіктердің» белсенділігі әдетте маусым айында төмендеуі тиіс. Десе де, биылғы жаз кенелерге аса қолайлы болып тұрса керек. Қазір орманды аймақтарда жедел шаралар қолға алынып, емханаларға иммуноглобулин жеткізілуде. Ал жергілікті омарташылар, геологтар мен орманшыларға кене энцефалитіне қарсы екпелер жасалған. Эпидемиолог мамандардың айтуынша, бірнеше жылға созылған зерттеулер, кенелердің қалың орманнан қала шетіне қарай ойысқанын көрсетті. «Осы орайда қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, кене шаққан жағдайда, дереу медициналық көмекке жүгіну керек. Кенелердің белсенділігі шілдеге дейін жалғасады» - дейді эпидемиологтар.

Әлия Оспанова, ШҚО Тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің бас маманы:

Былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, кене шаққан адамдардың саны 24 пайызға артқан. Бұл енді климатқа, ауа райының өзгеруіне байланысты. Яғни, былтырғы жылы 2500 болса, биыл 3192 кене шаққан адам тіркелген.

Жұрағат БАМАН