$474.72 €515.17 ₽5.58
×

Еуропалық полиция «Ислам мемлекеті» содырларының террористік насихатының алдын алмақ

AstanaTV
23.06.2015ж. 10:00
716
 Еуропалық полиция «Ислам мемлекеті» содырларының террористік насихатының алдын алмақ

Еуропалық полиция «Ислам мемлекеті» содырларының хабарламаларын бақылау арқылы, террористік насихаттың алдын алуды көздейтін арнайы бөлімше құрмақ. Еуропалық одақ осылайша Сирия мен Ирактағы соғысқа аттанып жатқандарды ұстап қалудың амалын қарастырып жатыр. «The Guardian» басылымының мәліметінше, «Еурополдың» арнайы тобы террористерге тиесілі аккаунттардағы хабарламаларды зерттеумен айналысады. Сондай-ақ, бөлімшенің мақсаты әлеуметтік желілерде белсенді насихат жүргізіп отырған террористік ұйымдардың басшыларын анықтау. Ақпар бойынша, жаңа бөлім өз қызметін 1 шілдеде бастайды. Айта кетерлігі, қазір ғаламторда еуропалықтарды «Ислам мемлекеті» тарапына өтуге шақырған 100 мыңға жуық үндеу хат жүр. Бір ғана «Туиттер» желісінде 50 мыңнан астам аккаунт жұмыс істеуде. Жаңадан ашылғалы отырған «Еурополдың» арнайы бөлімшесі осы күдікті сайттар мен аккаунтарды жабу ісімен айналыспақ.

Жұрағат БАМАН