$485.04 €525.98 ₽5.04
×

АҚШ пен оның НАТО бойынша одақтастары Ресеймен арадағы түсініспеушілік ұзақ мерзімге созылатынын айтуда

AstanaTV
23.06.2015ж. 10:00
1456
АҚШ пен оның НАТО бойынша одақтастары Ресеймен арадағы түсініспеушілік ұзақ мерзімге созылатынын айтуда

АҚШ пен оның НАТО бойынша одақтастары Ресеймен арадағы түсініспеушілік ұзақ мерзімге созылатынын мәлімдеуде. КТМ Альянсқа мүше елдер Мәскеудің сыртқы саяси бағыты Владимир Путин президенттіктен кеткен жағдайда да өзгермейтініне сенімді. Бұл туралы Американың Қорғаныс министрі Эштон Картер мәлімдеді. Ресей тарапы бұл пікірмен келісіп отыр. «Financial Times» газетіне берген сұхбатында, Ресей президенті әкімшілігінің жетекшісі Сергей Иванов Украинадағы жағдай реттелмейінше, америкалықтармен қарым-қатынас түзелмейтінін айтқан. Ал Пентагон басшысы осы аптаға жоспарланған еуропалық турнесі шеңберінде Германияда және Эстонияда болып қайтпақ. Сондай-ақ, ол 24-25 маусымда Брюссельде НАТО бойынша әріптес елдер өкілдерімен жүздеспек. Онда Украинадағы жағдай мен АҚШ-тың Ресеймен қарым-қатынасының шиеленісе түсуіне байланысты альянстың қорғаныс саласындағы жаңа шарттарға бейімделу мәселелері қаралмақ.

Жұрағат БАМАН