Қазақстан
тұрғындарының саны маусым айында 20 мың 200 адамға өскен. Осылайша, халық саны
18 миллион 34 мың 400 адамға жеткен. Статистикалық деректі Ұлттық экономика
министрлігі жариялады.
Дегенмен,
бала туу көрсеткіші былтырғыдан 6,4 пайызға кеміген. Қаңтар мен маусым
аралығында 189 200 бала дүниеге келген. Елден кеткендердің саны да 6 пайызға
артып отыр. 15 мың 063 адам басқа елге қоныс аударған. Дегенмен, Қазақстанға
көшіп келгендер саны 38 пайызға артыпты. Ол 8 мың 663 адам. Жарты жылда 59 мың
неке тіркелген. Өткен жылы оның саны 1 мыңға артық болған. Керісінше, 6 ай
ішінде ажырасқандар көп. 26 785 отбасы ойран болған.