Ресейге қарсы санкция
күшейтілсін. Украина Президенті Петр Порошенко Вашингтонда өткен Украина
форумында осылай деп мәлімдеді. Бұл туралы РИА-новости хабарлайды. Порошенко: "Украинаның егемендігі қалпына келмейінше және Ресейдің
әлемдік тәртіпте көзқарасы түзелмейінше, санкция күшінде қалуы керек", - деді.
Батыс елдері Қырым оқиғасы үшін, сондай-ақ Донбаста соғыс отын тұтатты деп айыптап,
Ресейге санкция салған болатын. Кремль Украина президентінің мәлімдемесі
негізсіз деп есептейді. Қырымың Ресейге қосылуы халықаралық құқықтық талаптарға
сай өтті деп мәлімдеді.
Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ